Қалың мал туралы бізде теріс пікір қалыптасқан. Оған да себеп бар. Қазақ отбасысы ХІХ ғасырдан ортасынан бастап бірнеше үлкен соққыны бастан өткерді. Біріншіден, әскери отарлаудың барлық қанды оқиғаларын бастан кешірді. Екіншіден, сауда капиталы мен өсімқорлық енді. Үшіншіден, осы екеуі қосылып қазақтың көп бөлігі кедейленді. Осы себепті отбасы және неке жүйесінің дағдарысы басталды, әлеуметтік проблемалар күшейді, әйел тағдыры ауырлады. Сауда капиталы қазақ әйелін тауарға айналдыра бастады. Қазақтың уақытында төленбеген қарызы үшін татар мен сарт саудагерлері қыздарын, қатындарын әкететін болды. Кедейлік қамытынан құтыламыз ба деп қазақ қыздарын «қалың мал» деген сылтаумен сатуға айналды.

Бұл мәселелердің түбіне бойламаған қазақтың алғашқы жазушылары «қалың малды» жау көрді. Қазақ газеттерінде жас қыздардың егде тартқан адамдарға тұрмысқа шығуы, кедей қыздарының тоқал болып басқа үйдің табалдырығынан аттағанда көрген бейнеті барынша сыналды. Әрине, сұрқай көріністер бар еді. Осыны пайдалалып Совет үкіметі 1920 жылы «Қалың малды жою» туралы декретті қабылдады. Ал қалың мал қазақтың от басы мен неке қарым-қатынастарының негізгі арқауы болатын. Бұл жерде мен Ресей генштабының полковнигі, аналитик М.Красовскийдің 1868 жылғы жарияланған пікірін ұстанамын: «Этот уплачиваемый женихом капитал в вещах, деньгах, скот и прочее называется калымом. Он нужен отцу отпускаемой замуж, часто даже без ее согласия, дочери, во первых, как доказательство состоятельности жениха, другими словами-отцу невесты надобно убедиться в том, что будущий зять наделен от своего отца имуществом и следственно в состоянии содержать семейство. Во вторых, чем больше калым, тем труднее выплатить его сразу, а уплачивая по частями и притом всегда лично, жених... в период уплаты калыма, часто посещая невесту и имея достаточно времени для того, чтобы сойтись с нею, он в тоже время по обычаю должен...привозить с собою подарки для родственников невесты; таким образом, знакомство или, вернее сказать, тамырство между двумя, прежде может быть совершенно чуждыми, родами с каждым днем все более и более упрочивается. В-третьих, при помощи калыма у иных бедняков устраивается приличное приданое, которое, таким образом, нисколько и никогда не уступает калыму, а у многих даже превосходит его (отау үй де жасау құрамына кіреді-Ж.А.). Женино же приданое, по обычаю народному, священно: оно ни в каком случае не может быть отчуждено в пользу детей киргиза от другой жены, или в чью-либо пользу, но всегда составляет неотъемлемую собственность жены, за которую взято, и ее потомства, так что хотя приданое иногда делается собственно и на счет жениха, но между тем дело это в таком виде не выглядывает, и последний, при разладе с женою, никогда на ее имущество не посягает... Калым, в сущности, должно считать одною из обдуманнейших мер обеспечения семейства, одним из лучших обычаев полудикого народа».

Мен қалың малға қатысты осы М.Красовскийден мықты жазған адамды оқығаным жоқ. Қазіргі күні қалың малды жаңғырту қоғамды жаңғыртудың бір құралы болуы мүмкін. Неге десеңіз қыз құнды болады. Бұл басты мәселе! Екіншіден, қалың мал дегеніңіз бір бөлмелі үй, егер сіз қырық жеті төлесеңіз қырық жеті шаршы метр отау аласыз, отыз жеті төлесеңіз отыз жеті шаршы метр, жиырма жеті төлесеңіз жиырма жеті шаршы метр, яғни жас отбасы бірден шағын үйге ие болады. Қалың мал жинау әр қазақтан меншік иесі болуды талап етеді, яғни әлеуметтік жауаптылық күшейеді, әр қазақ меншік иесі болу үшін күреседі.

тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл АРТЫҚБАЕВ

6alash ұсынады